Қазақстанда табысы азық-түліктен артылмайтын отбасы саны үш есе өсті

0
48
фото: Pixabaу

Ranking зерттеуі бойынша биыл, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз 177,8 мың үй шаруашылығы бар. Бұл нәтиже былтырғымен салыстырғанда 9,4 пайызға артық. Осылайша Қазақстандағы барлық үй шаруашылықтарының 5,1 пайызын құраған. Мұндай үй шаруашылықтарында 1 млн адам өмір сүреді.

Қалаларда 88,6 мың осындай үй шаруашылығында 455,7 мың халық болса, ауылдарда — 89,2 мың үй шаруашылығында 560,8 мың адам тұрады.

Табысы азық-түлік себетінен артылмайтын үй шаруашылықтарына келетін болсақ, олардың саны 9,4 мың — былтырғыдан бірден 2,6 есе көп. Қалаларда 24,2 мың халқы бар 4,2 мың осындай үй шаруашылығы, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың үй шаруашылығы тіркелген.

Өңірлік бөліністе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын үй шаруашылықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 27 мың. Оларда 207,7 мың адам тұрады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз үй шаруашылықтары ең аз өңір Ұлытау облысы: 1,6 мың. Онда 9,9 мың адам тұрады.

Биыл жылдың екінші тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңгені құраған.

Қарапайым тілмен айтқанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі өмір сүру үшін жеткіліксіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз