Оралу Қоғам Қазақстандық ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өсті

Қазақстандық ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өсті

0
194
Көрнекі сурет.

Отандық ғалымдардың еңбекақысы 257 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін ғалымдардың еңбекақысы тұрақты болмай, тек конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді олар гранттық және нысаналы қаржыландыру бағдарламасына арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70%-ға, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми зерттеу институттың кадрлық әлеуетін, ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз