Биылғы ораза кезіндегі пітір садақа мөлшері бекітілді

0
278
Мүфтият
ҚМДБ Мүфтият

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақаның мөлшері анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚМДБ сілтеме жасап.

Биыл Рамазан айында халық әр адам басына 535 теңге мөлшерінде пітір садақа береді.

“Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады”, – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан бөлек Бас мүфти биыл рамазан айы 23 наурызда басталатынын хабарлады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз