Дариға Назарбаева кеншілердің ереуіліне қатысты түсініктеме берді

0
83

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды ​​облысындағы кеншілердің жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды CA-News.

Дариға Назарбаева «Мемлекет басшысы елде болып жатқан барлық нәрселерден хабардар және Қарағанды облысында болып жатқан оқиғаларды мейлінше қадағалап отырғандығына сенімдімін. Бұл мәселеге ол да барлығымыз сияқты алаңдаушылық танытып отыр. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ» әкімшілігіның бұл мәселені осындай жағдайға дейін жеткізгені өкінішті. Кеншілердің жалақысы мәселесі жаңадан көтерілген мәселе емес, олар әрдайым мұны талап етті. Еңбек жағдайлары, әрине, ауыр және жұмыс әрқашан тәуекелге байланысты екенін айту керек», деп мәлімдеді.

ҚР Парламенті Сенат депутаты тілшілерінің сұрақтарына жауап бере отырып, «Шахтерлердің талаптары бізге белгілі, олар жалақыны 100 пайызға көтеруді қалайды. Бірақ біз зауыттың экономикалық жағдайын ескеруіміз керек. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ» жалақыны 100 пайызға өсіруге мүмкіндіктері бар ма? жоқ па? әзірге бұл информацияны жария етпеді. Кез келген жағдайда тараптардың өзара келісімі бойынша ымыралы келуін тілеймін», – деді.

Дариға Назарбаева «Мен Сағынтаевтың бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын білемін. Компания басшылығымен үнемі телефон арқылы келісім жасасып отырады. Министрлер де өз ойларын білдірді. Сондықтан бұл мәселе назардан тыс қалмайды. Компания кеншілердің үстінен сотқа шағымдануға құқылы және оларды бұл құқықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Келесі кезекте мәселе соттың шешіміне байланысты болады. Басқарма басшылығына келетін болсақ, мен сіздермен келісемін. Әрине министрліктің өкілдері қақтығыс жағдайындаекі тараппен де келсіссөздер жүргізуі керек еді», деп аяқтады.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кеншілері еңбек ақыны көтеру, зейнеткерлік жасты қысқарту және т.б талаптар қойып, кеніштерден жоғары көтерілуден бас тартты. Қарағанды облысы әкімдігінің сәрсенбі кешке берген ақпаратына сәйкес, кеніште 600-ге жуық кенші қалған.

Сәрсенбі күні компания басшылығы ереуілге шыққан кеншілер кеніштен жоғары көтерілсе, олармен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз