Елордада апта соңы Қарағанды және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді

0
223
photo: Астана әкімдігі баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда 3-4 қазан күндері Қостанай және Қарағанды облыстарының азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, жалпы өнімдердің 100-ден аса түрі нарықтағы бағадан 10-15% төмен болады. Өтетін орны Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаң. (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы)

Екі облыс 980 тонна ауылшаруашылық өнімін әкеледі. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна; жарма және макарон өнімдері – 30 тонна; картоп пен көкөніс – 60 тонна; ұн – 50 тонна. Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. кіреді.

Бірқатар өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тауық еті мен жұмыртқа қауіпсіздік мақсатында жәрмеңкеде сатылмайды.

Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады: “Шахтерское” ЖШС, “Нәтиже” ЖШС, “Редмилк” ЖШС, “ЕвразиянФудс” ЖШС, “Құлагер”, “Дедов” ЖШС, “Мецгер” ЖШС, “Милх” ЖШС, “ДЕП” ЖШС, “Лидер-2010” ЖШС, “Баян Сұлу” АҚ, “Тэрра” ШҚ, “Қаржау” ШҚ, “TERRA MEAT” ЖШС, “Торғай Ет” ЖШС, “Қорғау” ЖШС, “Sher-777” ЖШС және т.б.

Жәрмеңке 5 қыркүйек күні басталған. Түркістан және Алматы облыстары 800 тоннадан астам өнім әкелген. Одан кейінгі апта соңында Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары 405 тонна өнім әкелді. Араға апта салып Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна өнім жеткізген. Өткен апта ШҚО және Ақмола облыстары осы қалалар тізімін 732 тонна өнім әкеліп толықтырды.

Пандемия кезінде, жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз