Kaspi банк зейнеткерлерге арналған жаңа сервисті іске қосты. Бұл туралы ehelpkz телеграм арнасы хабарлады.
“Зейнеткерлер енді зейнетақысын Kaspi Gold арқылы ала алады. Ол үшін құжаттарды қайта рәсімдеу және халыққа қызмет көрсету орталығына да барудың қажеті жоқ. Тек қана Kaspi.kz қосымшасы арқылы өтініш беру жеткілікті, қалғанын банк өзі реттейді”, – делінген хабарламада.