Үкімет көп балалы отбасыларға “тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөледі”

0
93
Әлихан Смайылов.

Көп балалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй салуға және жеңілдетілген кредит беруге 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы 12 наурызда өткен үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Смайылов үкімет отырысында 2019 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістерді таныстырған.

Оның сөзінше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының съезінде айтқан “Әлеуметтік қамқорлық” әлеуметтік шараларын іске асыруға 444,3 млрд теңге бөлінеді.

Министр аталған қаржыдан аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдетілген кредит беруге 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ “азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге” 224,3 млрд теңге бөлінбек.

Қазақстанда соңғы бір айда көп балалы әйелдер наразылыққа шығып, тұрмысы төмен отбасылар мәселесі қоғамда ашық талқылана бастады. Әйелдер билікке талап қойып, тұрмысына жәрдем беруді, құқықтарын сақтауды сұраған оқиғалар жиіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз