Министрлік: Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың саны 10 мыңға жуықтады

0
179

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі ақпарат бойынша Қазақстанға 9,9 мың этникалық қазақ келіп, оралман мәртебесін алған. Тәуелсіз алғалы туған жерге 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Биыл елге қоныс аударған этникалық қазақтар:

  • 59,1% – Қытай;
  • 25,6% – Өзбекстан;
  • 8,8% – Түрікменстан;
  • 3,5% – Моңғолия;
  • 3% – басқа елдерден келген.

Ал, қоныстану тұрғысынан:

  • 54,6% – Алматы облысы;
  • 12,7% – Маңғыстау облысы;
  • 4,1% – Нұр- Сұлтан қаласы;
  • 3,1% – Шымкент қаласына тұрақтаған.

“Келушілердің ішінде 60%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-ы зейнеткер. Оралман мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады”, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз