Нұр-Сұлтан әкімдігі құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласы мамандарының сұранысқа ие екендігін хабарлады.
- Құрылыс саласы бойынша – инженер-сметашы, прораб, шебер, әр түрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электриктері, ӨТБ инженері.
- Сауда саласы – сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.
- Денсаулық сақтау саласы – дәрігер, медбике / аға, санитар мамандары.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыспен қамту орталығының базасында жастарға арналған – 1 894 бос жұмыс орны, тұрғын үй құрылысына берілетін – 660 бос жұмыс орны, ыңғайлы кестесі бар- 38 бос жұмыс орны бар.