Нұрордада кіші футболадан республикалық турнир өтеді.

0
52

2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Білім-инновация» лицей оқушылары арасында Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтеді.

Жарысқа «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 217 оқушы іріктеліп алынып, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған 27 команда өзара сайысқа түсетін болады.

Аталған спорттық жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында бауырмалдық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, футбол спортын дамыта отырып, қатысушылар арасынан атақты футболшылардың шығуына жол ашу.

Атап өтерлігі, жарыстың жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау шарасы 3 қараша, Сағат 14.30-да «NURORDA»  мектеп-лицейінде өтеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз