ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

0
75

ОҚО орталығы Шымкентте 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні марекесі қарсаңында «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі

«Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ» арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, іске асырылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде»,

– деді.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында баспаналы болған 96 отбасыға облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныстарының құт-берекеге толы ырысы мол ордаға айналуын тіледі.

Қаланың әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы – 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 2,75 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 525,4 мың шаршы метр тұрғын үй яғни, 5189 пәтер пайдалануға берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз