Республиканың бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

0
78

Қазгидромет алдағы тәулікте республиканың бірқатар облыстарына дауылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысында 19 қараша сағат 21-ден 22 қараша сағат 21-ге дейінгі аралықта дауылды ескерту жарияланды. 20-22 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіпк көктайғақ болады деп күтілуде. 22-23 қараша аралығында Қызылорда облысының Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз кептелісі және 24 қараша кей жерлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі және судың жайылмаға шығуы мүмкін.

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. 23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20, екпіні 25 м/с. Астана қ.: 22 қарашада тұман, көктайғақ, 23-24 қарашада бұрқасын күтіледі. Таңертең және күндіз 22, тәулік бойы 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Карагандинская область , Восточно-Казахстанская область , Павлодарская область , Түркістан облысы, Туркестанская область
24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз 24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарыныда жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, жерлерде 30 м/с және аса күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз