Сенатор Үкіметке жолданған ұсынымдарға тек сырғытпа жауап берілетіндігін сынға алды

0
23

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп үкіметке жасалған ұсынымдар ескерілмейтінін сынға алды, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Сенатордың айтуынша, сенатта соңғы екі жылдың ішінде ұлттық құндылыққа қатысты 2 парламенттік тыңдау, 3 дөңгелек үстел, 3 кездесу, 3 комитеттің кеңейтілген отырысы өткен. Үкімет пен атқарушы органдарға ұсынымдар жасалған. Бұдан бөлек, он депутаттық сауал жолданған. Алайда, үкімет Сенаттың ұсынымдарына бірыңғай сырғытпа жауап беріп келеді. 

«Құрметті, Әлихан Асханұлы ұлттық құндылықтарға қатысты сенатта соңғы екі жылдың ішінде екі парламенттік тыңдау, үш дөңгелек үстел, үщ кездесу, үш комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Үкімет пен атқарушы органдарға ұсынымдар жолданды. Осы мәселелерге қатысты он депутаттық сауал жасалды. Алайда, үкімет Сенаттың ұсынымдарына бірыңғай сырғытпа жауап беріп келеді. Берілген ұсынымдар ескеріле бермейді. Сонда біз бұл мәселелерді қашанғы сөз ете береміз»,-деді Нұртөре Жүсіп. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз