Тоқаев: нақты нәтижелерге қол жеткіздік

0
128
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Айдос Сарым. Photo: akorda.kz

6 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері  Азаматхан Әміртаев, Арман Шораев және Айдос Сарыммен кездесті. 

Ақорда сайтының хабарлауынша, “Байтақ болашақ” Экологиялық альянсы” РҚБ президентіА.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтқан.

“Қазақстан барысы” даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізген.

Саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін айтқан.

– Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы өтеді, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз