Тоқаев: зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға индексацияланады

0
121
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

31 наурызда телеарна арқылы халыққа мәлімдеме жасаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек 10 пайызға индексациялауды тапсырғанын айтты. Оның сөзінше, бұған бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді.

Тоқаевтың сөзінше, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған үш миллионға жуық адамға ең төменгі жалақы көлемінде – 42500 теңге алады.

“Бұл қолдауға өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Сонымен қатар, тұрмысқа қажет заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, барлығы 800 мыңдай адам алады” деді ол.

Тоқаев 42500 теңге көмек алатындар қалай анықталатынын нақты айтпады.

Қазақстан президенті Тоқаев елдегі шағын және орта бизнес өкілдері үш айға дейін салықтан босатылатынын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз