Жемқорлық туралы хабарлаған азамат 12,2 млн теңге сыйақы алды

0
64
Photo: inbusiness.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

2022 жылы жалпы 40,6 миллион теңге көлемінде 134 азамат сыйақы алған. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды сыйақы беру қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Антикор Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түскен.

Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз