Ел аумағында ауа температурасы күрт төмендейді

0
313
дереккөзден

Қазгидромет 45 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтілуде деп дабыл қағады.

«22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде 35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі. 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С күтіледі. Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі».

Денсаулық пен өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқы кезеңде, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар болған жағдайда тұрғындарға ҚР ТЖК ұсынымдары туралы танысу қажет, деп хабарлайды Қазгидромет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз