Алматы тауларында жоғалған турист табылды

0
204
Мәншүк Мәметова шыңы.

 ТЖМ құтқарушылары Мәншүк Мәметова шыңына шығып жоғалып кеткен 27 жастағы туристі тапты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жаяу құтқарушылар тобы ер адамды мұздықты тексеру кезінде  тапқан. Турист қатты тоңған, алайда ешқандай медициналық көмек қажет болмаған.

Туристті іздеу бір тәулікке созылды. Іздеуге “Қазавиақұтқару” тікұшағы да тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз