Павлодарға жаңа әкім тағайындалды

0
182
Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

19 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып Асайын Байханов тағайындалды. Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2000 жылы ол Павлодар университетін “Экономика және менеджмент” мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 – 2006 жылдары ProCredit Holding AG и European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) халықаралық банк холдингінің біліктілікті арттыру корпоративтік орталығында оқыды. 2017 ж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірді (іскерлік әкімшілік магистрі, “Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік”).

2000 жылы жоғары білім алғаннан кейін Асайын Байханов еңбек жолын банк секторында, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда өткізген бағдарлама бойынша бастады. Екібастұзда несиелік эксперттің тыңдаушысынан ЕҚҚДБ-нің Алматыдағы бас кеңсесінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін өсіп, сонымен бірге ЕҚҚДБ Қазақстан және шет елдерде өткізген семинарларында көпсатылы оқу бағдарламасын меңгерді.

2003–2007 жылдары Асайын Байханов ProCredit Holding AG банк халықаралық банк холдингінде түрлі лауазымдар атқарды, оның ішінде Киевтегі “ПроКредит Украина” ЖАҚ басқарды.

2007 жылы Асайын Байханов Қазақстанға оралып, “Нұрбанк” АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, филиалдар желісін кеңейту мен шағын және орта бизнесті, оның ішінде ауылшаруашылығы саласындағы несиелендіруді дамыту бағыттары үшін жауапты болды.

2009–2015 жылдары Асайын Байханов ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікпен айналысты: Алматыда және Алматы облысында мал және өсімдік өсіру, логистика және жүк тасымалдау бойынша бірқатар сәтті жобаларды жүргізіп-дамытты.

2015–2020 жылдары А. Байханов “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ құрамындағы “ҚазАгроӨнім” АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Осы мерзім ішінде ауылшаруашылығы саласының түрлі мемлекеттік бағдарламаларын талқылау және өзгерту, сондай-ақ, агроөнеркісіп өнімдерін экспортқа шығару дың мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі  жұмыс топтарының мүшесі және жетекшісі болды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, ауылшаруашылығы, ауылды аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, жер қатынастары және т.б. мәселелер үшін жауапты болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз