Қазақстанда беларусьтер әскери дайындықтан өтті

0
24

Қазақстан әскерінің Тау дайындығы орталығында Беларусь әскерилері оқудан өтті.

Тау дайындығы оқу орталығында беларусьтер таулы жерлерде күрделі жағдайлардағы қозғалыс тәсілдері мен әртүрлі тау кедергілерін еңсеру техникасын игерген.

Онда екі Беларусь әскерінің таулы жерлерде іс-қимыл жасау мен жауынгерлік тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп, әртүрлі тау кедергілерін еңсеру техникасы және таулы жерлердің қиын жағдайларындағы қозғалыс үйретілген. Қазақстандық нұсқаушылар қонақтарға теориялық білім беріп, тау дайындығының практикалық дағдыларымен бөліскен.

Әскери қызметшілер зардап шеккен адамды таулы рельефте қолдан жасалған құралдармен тасымалдау, жартастар мен мұз үстінде сақтандыру арқылы қозғалу бойынша практикалық дағдыларға машықтанды. Беларусь әскери қызметшілері лагерьлік жиында алған білімдерін күрделілік санатындағы «1Б» шыңына көтеріліп, тау өзені арқылы өтуді жүзеге асыра отырып тексеріп көрді.

Лагерьлік жиынның соңғы күні әскери қызметшілер «Хрищатый» шыңына бірге көтеріліп, жақсы білім көрсеткен жауынгерлерге «Альпинист» белгісі мен тиісті сертификаттар салтанатты түрде табысталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз