Қазақстанда тағы бір “Алтын адам” қорғаны табылды

0
490
Ақтөбе облысы Темір ауданында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы сармат көсемінің қорғаны. Photo: facebook/Ondassyn Orazalin

Қазақстандық археологтар Ақтөбе облысы Темір ауданында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы сармат көсемінің қорғанын анықтады. Бұл туралы ақпарат Ақтөбе облысы әкімдігінің Instagram-аккаунтында шықты.

Ақтөбе облысы Темір ауданында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы сармат көсемінің қорғаны. Photo: facebook/Ondassyn Orazalin

 

View this post on Instagram

 

Қадірлі жерлестер! Темір ауданынан сүйінші хабар жетті! Өздеріңізге белгілі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Елбасымыздың тапсырмасына орай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеуді қолға алған болатынбыз. Қазба жұмыстарына тиісті шаралар алынып, қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгін, археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Кезекті «Алтын киімді көне ескерткіш» – Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық. Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, Дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Дорогие земляки! Из Темирского района пришла радостная весть! Как известно, в рамках программы «Рухани жаңғыру» и в соответствии с поручением Елбасы ведётся работа по изучению памятников истории и культуры. В регионе приняты меры по увеличению финансирования на проведение археологических раскопок. Сегодня от археологов пришла хорошая новость: в районе населенного пункта Таскопа Темирского района в V веке до н. э. обнаружен курган сарматского вождя, похороненного в золотой одежде. Древние памятники обнаруженные в Есике, на Востоке и Атырау нашли продолжение в Актюбинской области. Это свидетельствует о том, что предки, населявшие в то время казахскую землю, жили на высоком уровне цивилизации. Я считаю, что это лишь часть археологических ценностей, найденных в нашем регионе. Я уверен, что такие исторические экспонаты ещё больше повысят престиж Казахстана в мире. Аким Актюбинской области Ондасын Уразалин

A post shared by Ақтөбе облысының әкімдігі (@aqtobe_oblysynyn_akimdigi) on

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинның хабарлауынша, тарихи жәдігер Тасқопа елді мекенінің маңында табылған. Бұл жерде алтынмен көмкерілген киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны анықталған еді.

“Есікте, шығыста, Атырауда табылған көне ескерткіштер Ақтөбе облысында жалғасын тапты. Бұл ата-бабаларымыздың жоғары өркениетті қоғамда өмір сүргенін білдіреді. Мен бұл біздің өңірде табылған археологиялық құндылықтардың бір бөлігі ғана деп есептеймін”, – деді Ақтөбе облысының әкімі.

Айта кетейік, ең алғашқы “Алтын адам” Қазақстанда 1969 жылы Есік қорғанынан табылған болатын. Тарихи жәдігерді 1969-1970 жылдары археолог Б. Нұрмұханбетов тауып, ғалым К.А. Ақышев әлемге жариялаған. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз