Тоқаев Алматыда кімдерге пәтер кілтін табыстайды?

0
83
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

29 қазан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Берік Уәлидің хабарлауынша, президент бүгін “Жаңа Алматы” бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, “Балалар үйінің” тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыстап, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар, “Tech Garden” инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Жұмыс сапарының екінші күнінде мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз