Маңғыстау облыстық білім басқармасының қызметкері және Қарақия аудандық білім бөліміне қарасты Мұнайшы ауылының №7 орта мектебінің директоры мен Қарақия аудандық білім бөлімінің білім үйлестіру орталығы директорының заңсыз жалақы алып келгендері анықталды.

Inbusiness сайтының хабарлауынша, аталған үш қызметкер Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің Кешкі ауысымды мектебіне тіркеліп, заңсыз айлық алған.

“Мәселен, Маңғыстау облыстық білім басқармасының қызметкері математика пәнінен сабақ өтпесе де, 2022 жылдан бастап осы күнге дейін жалақы алып отырғаны анықталды. Ал, Мұнайшы ауылының №7 орта мектеп директоры лауазымында бола тұра, мүлдем басқа білім беру ұйымында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ өтпесе де, 2020 жылдан бастап осы күнге дейін негізсіз жалақы алып отырған. Сондай-ақ, Қарақия аудандық білім бөлімінің білім үйлестіру орталығының директоры кешкі ауысымдық мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ өтпесе де, 2018 жылдан бастап жалақы алғаны анықталды”,- деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.   

Департамент қызметкерлерінің тікелей араласуымен заңсыз алынған жалақылар мемлекетке қайтарылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз