Бозымбаев көмір, газ, электр энергиясы құны туралы мәлімдеме жасады

0
110

ҚР Энергетика Министрі Қанат Бозымбаев Үкімет мүшелерін газ, көмір және электр энергиясы бағалары туралы мәлімдеді.

“Республика бойынша газ тұтынысы (2017 жылдың 9 айында) 9,2 млрд.текшені немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111%-ын құрады. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының шекті бағасы бірінші және екінші тоқсан үшін тоннасына 28 мың теңгені құрады. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасы үшінші-төртінші тоқсанда тоннасына 34 319 теңге деңгейінде белгіленді”, – деп мәлімдеді ол бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, көмірдің бағасы сұраныс пен ұсынысқа негізделеді. Жаңадан өндірілген көмірдің сатылым бағасы тоннасына 2-5 мың теңге аралығында екенін атап өтті.

«Бөлшек саудадағы көмір бағасының өсуіне түпкілікті тұтынушылар үшін теміржол тарифтері, жеткізушілерді ұйымдастырудағы маржамен байланысты.   Түпкілікті тұтынушылар үшін көмір бағасының құны тоннасына 10-15 мың теңгені құрайды», – деп атап өтті Министр.

Министр ведомствоның құзыреті шеңберінде электр энергиясы тарифтерін биыл өткен жылдың деңгейінде сақтап қалғанын да мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз