Елордада тұңғыш рет қазақстандық медиа апталық басталды

0
81

Бүгін елордада тұңғыш рет қазақстандық Аstana Media Week медиа апталығы бастау алды. Медиа апталық ең танымал БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Аstana Media Week 4 – 6 қазан күндері өтеді. Алғашқы күні 3 іс-шара қатар өтеді. Оның ішінде  Контент-маркет ең көлемді шара болмақ. Бұған қоса бұқаралық ақпарат құралдарында табысқа жетудің үздік оқиғаларына арналған Media talks өтпек.

5 қазан күні Астанадағы Медиа апталық аясында Astana Digital Forum көлемді сандық форумы өтеді. Дәл осы күні мемлекеттік және өңірлік БАҚ-қа арналған семинарлар жиыны өтеді.

6 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өңірлік медиа-форумды өткізу жоспарланып отыр, аталған шарада  мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері марапатталады.

Атап өтсек, медиа апталықты өткізудің негізгі мақсат – ұлттық медиа саласын дамыту және өңірлік деңгейде іскерлік байланыстарды дамыту. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдегендей, «Astana Media Week  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі». Аталған шара ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда.

Сабина Сайлаубай

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз