Елбасы Қанат Орынтайұлын қызметінен босатты

0
106

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік күзіт қызметінің басшысы қызметін уақытша Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов атқарады.


Қанат Оразқұлов 1970 жылдың 27 қарашасында Жамдыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бастаған. Түрлі жылдары Алматы мен Алматы облыстарында офицерлік және басқарушы қызметтерінде болған. 2009 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың сәуір айынан бастап Президент Істері басқармасында орынбасар қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз