СТО-ға “халал” таңбасы қажет пе?

0
111

Қазақстандық өнімдердегі “сенімсіз” халал таңбаларды нарықтан түбегейлі алып тастау біршама уақытты алады. Оған тек діни орындар ғана емес қоғамдық институттар мен мемлекеттік орындар бірлесе атсалысуы қажет. Бұл туралы Қазақстанның Бас Мүфтиі Серікбай қажы Ораз kazaknews.kz агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

Тәуелсіздік алған жылдардан бері ислами мәдениеттің, оның ішіндегі діни ережелердің негізінде халал өнімдерді реттеу туралы мәселелер қолға алынып келеді. Осыдан бірнеше жылдар алдын әлі “халал өнім” танымы халық арасында толық қалыптаспаған уақытта кейбір жеке меншік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз жауапкершіліне ала отырып “халал” стандарт деген ережені қайта қалыптастырды. Қазіргі уақытта ресми түрде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (ҚМДБ) жанында халал өнімдерді стандартуға арналған арнайы бөлім мен оның кәсіпорыны және лабараториясы бар. Онда 600-ден астам өнеркәсіп орындары, соның ішінде түрлі өнімдерді дайындайтын фирмалар осы ҚМДБ-ның халал өнімдерін стандарттау лицензиясын алып жатыр. ҚМДБ-ның “халал өнімдерді стандарттау” лицензиясын алуда қойылатын талаптар өте жоғары. 

«Халал» таңбасы жалаң сөз болып қалмауы тиіс! 

Жалған, сенімсіз “халал” таңбаларды нарықтан толықтай алып тастау үшін тек діни ұйымдар ғана емес қоғамдық институттар, мемлекеттік орындар мен халықтың бірлескен жұмысы нәтиже көрсетеді. Халал таңбасы жалаң сөз немесе соғылған мөр болып қана қалмауы тиіс. Мәселен Стандартың өзіндік талаптары бар. Кейбіреулер “СТО” -ның үстіне “халал” деп жазып алады, тағы бірі “халал су” деп атап жүргендер бар, енді бірі шариғаттың шеңберіне симайтын дүниелерге де “халал” деген таңбаны қойып алады. Халал адвокатпын деп жүргендерді де көреміз. «Халал» таңбасы сән үшін берілмейді, ол адам өмірі үшін маңызды болғандықтан саралап зерттеуден өткізілгеннен соң ғана пайдаға асырылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз