19 шілде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі шомылуға әлдеқайда қауіпті су бассейндерін атады.
Орал өзеніндегі шомылу маусымы басталғаннан бері 15 адам суға кеткен, оның 5-і – бала. Қапшағай су қоймасында 10 адам қаза тапқан, оның біреуі бала. Ертіс өзенінде 8 адам көз жұмған, оның 3-і – бала. Сырдарияда 7 адам суға кеткен, оның 1-і – бала.
Ведомста басшысы орынбасарының сөзінше, балалардың төтенше жағдайға көп ұшырауы Түркістан облысында жиірек байқалады. Балалардың көбі жекежай маңындағы құдықтар мен септиктерге, орларға түсіп кетіп, зардап шегеді.