Қазақстандағы қауіпті су бассейндері қандай?

0
378
дереккөзден

19 шілде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі шомылуға әлдеқайда қауіпті су бассейндерін атады.

Юрий Ильин Ішкі істер министрінің орынбасары

Орал өзеніндегі шомылу маусымы басталғаннан бері 15 адам суға кеткен, оның 5-і – бала. Қапшағай су қоймасында 10 адам қаза тапқан, оның біреуі бала. Ертіс өзенінде 8 адам көз жұмған, оның 3-і – бала. Сырдарияда 7 адам суға кеткен, оның 1-і – бала.

Ведомста басшысы орынбасарының сөзінше, балалардың төтенше жағдайға көп ұшырауы Түркістан облысында жиірек байқалады. Балалардың көбі жекежай маңындағы құдықтар мен септиктерге, орларға түсіп кетіп, зардап шегеді.

Сондай-ақ, конференция барысында ІІМ ведомства өкілі суға кетудің басты себептерін атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз