Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев қол астындағы қызметкерінің жемқорлық күдігіне ілінгені үшін отставкаға кетті. БҚО әкімі Ғали Есқалиев орынбасарының жұмыстан кету ұсынысын қабылдап, қызметінен босатқан. Бұл туралы “Мой город” порталына сілтеме жасап Vlast.kz сайты хабарлады.
Нұралиевтің қол астындағы қызметкер, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қаюпов жемқорлық күдігіне ілініп, шілде айында 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.