Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры тағайындалды

0
100
Әлтайыр Ахметов/дереккөзден

Әлтайыр Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды”, – деп хабарлайды Ақорда.

Ә.Ахметов 1979 жылы 10 маусымда Ақтауда дүниеге келген.

Ұлыбританиядағы University of Birmingham мемлекеттік басқару университетінің магистратурасын тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын “құқықтанушы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы сыртқы істер министрлігі заң бөлімі атташесінде референт болып бастаған.

2003-тен 2011 жылдар аралығында президент әкімшілігінде референт, бас сарапшы, бас кеңесші, түрлі бөлімдердегі секторлардың басшысы болды.

2011 жылдан бастап білім және ғылым министрлігінде білім және ғылым саласын бақылау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2015 жылдан бастап БҒМ ғылым Комитеті төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдың қарашасынан бастап Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу ісі және ақпараттық технологиялар ісі бойынша вице-ректоры болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз