Желіде Тоқаевтың сирек суреттері жарияланды

0
142
видеодан алынған кадр

Toqayev Team youtube-арнасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірінен сирек кадрлар  жариялады.

Кадрларда Қ.Тоқаевтың бала және жас күнгі суреттері мен алғашқы шетелге жасаған сапарларынан көріністер көрсетілген.

19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Н.Назарбаев сол тұста Сенат төрағасы болған Қ.Тоқаевқа ел басқаруда сенім артатынын айтты.

20 наурызда Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, тұңғыш президенттің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігі аяқталғанға дейін президент лауазымына тағайындалды.

9 сәуірде Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз