Путин Трамппен кездесуге кешігіп келді

0
50
дереккөзден

Ресей президенті мінген ұшақ Финляндия астанасы Хельсинкиге қонды. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Ұшақ қонуға тиісті болған уақыттан жарты сағатқа кешікті деп хабарланады.

Бұған дейін Ақ үй жариялаған уақыт кестесіне сәйкес, Путин мен Трамп жергілікті уақыт бойынша келіссөздерді сағат 13:20- да бастаулары қажет еді. Аталған келіссөз ланчпен қоса алғанда сағат 14.50-де тәмамдалуы тиіс.

Кейіннен РБК тілшісі Путин Хельсинкидегі президент сарайына жарты сағат кешігіп келгендігін хабарлады.

Ресей президенті Хельсинкиде Aurus автокөлігімен жүретін болады, аталған көлік “Кортеж” жобасы аясында дайындалып, фин астанасына 12 шілдеде жеткізілді. Сондай-ақ Финляндияға Ресей басшысының ескі көлігі Mercedes-Benz S600 жеткізілді.
Бұған дейін АҚШ басшысы Дональд Трамп Хельсинкиге келіп, фин басшысымен бірге таңғы ас ішкен еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз