Қарулы Күштерде президент өкімімен жаңа тағайындаулар

0
151
дереккөзден

ҚР Қарулы күштерінде ауыс-түйіс орын алды. Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің, Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылары тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Дулат Темірғалиұлы Адырбеков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз