Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі ұшақ апатында қаза тапты

0
61
Наталия Филева.

31 наурыз күні Германияның оңтүстік-батысындағы Эгельсбах әуежайына қонғалы жатқан Epic-LT жеке ұшағы апатқа ұшырап, S7 Airlines компаниясының 55 жастағы акционері, Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі Наталия Филева қаза тапты. Бұл туралы S7 компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Германия полициясы Франциядан келе жатқан алты адамдық ұшақ бортында үш адамның болғанын айтқан. Апат себебі әзірге белгісіз.

“Құлаған ұшақ түгел жанып кеткен. Қаза тапқан азаматтардың кім екені осы аптада анықталады” деді полиция.

Ресейлік “Известия” басылымының жазуынша, апатта Филеваның әкесі де қаза тапқан болуы мүмкін.

Forbes тізімі бойынша, Наталья Филева – Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі. Оның байлығы 600 миллион долларға бағаланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз