«Ресей және Қытаймен белсенді қатынастар жасаймыз»

0
89

Орталық Азия басшыларының іскер кездесуін ашу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай және Ресеймен көршілес достық қарым-қатынастарды атап өтті.

Ірі байланыстар жасайтын екі көршілес мемлекеттер Қытай мен Ресейдің барын атаған мемлекет басшысы, аталған елдермен де, ірі нарықпен де белсенді ынтымақтастық жасайтынымызды алға тартты.

Бұдан өзге мемлекет басшысы Ресейде жақында президент сайлауы өтетінін атап өтіп, Ресейдегі сайлаудың сәтті өтуін қалайтынымызды айтты. «Әрине біз Владимир Владимирович Путиннің жетістігін қалаймыз. Сөзсіз мұның бәрі сындарлы диалогты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға оң әсер етеді », – дейді Н. Назарбаев.

Бұдан өзге мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің қарқынды қатынасы мемлекеттер арасында сауда-экономикалық, адами қатынастарды дамытады деп есептейтінін айтты.

«Мәселен, 2017 жылы Қазақстан экспортының сіздердің елдеріңіздегі үлесі 30 пайызды құрады. Мұндай көрсеткіштер бізде бұрын болмаған еді. Комиссия аралық отырыстар өткізіліп жатыр, шекараларда жаңа өткізу бекеттері ашылуда, құжаттарды бақылау процестері жеңілдеуде, жаңа жолдар мен көпірлер салынуда, шекаралар бойынша келіссөздер жасалуда, біздің елдеріміздің арасында көлік қатынастары жақсаруда. Жаңа әуе рейстері мен жедел пойыздар шығарылуда, бизнес форумдар өткізілуде, бірлескен сауда үйлері салынуда, өзара саудадағы кедергіліер жойылуда. Аталған жылдар аралығында алғаш рет мәселен, Өзбекстанмен біздің сауда 2 млрд долларға дейін өсті»,

– деп атап өтті Н. Назарбаев.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз