Н. Назарбаев Қырғызстан басшысымен кездесті

0
130

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен Орталық Азия басшыларының іскер кездесуінен бұрын екіжақты келіссөздер өткізді.

Ақордада өткен келіссөздер барысында мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен өткен соңғы кездесулерден кейін мәселелердің бабымен шешіліп келе жатқанын айтты. «Жол картасы бар, сауда-экономикалық қатынастар жақсарып келеді. Болашақта бәрі жақсы болады деп есептеймін», дейді мемлекет басшысы.

«Бүгін мемлекет басшылары кездеседі, бұл ішкі мәселелерді талқылауға , сауда-экономикалық қатынастар, инфрақұрылымға қатысты мәселелер, логистика мәселелерін шешуге жақсы мүмкіндік. Біз барлық мәселелерді өзіміз шешіп, халықтың әл-ауқатын қамтамсыз етуіміз керек. Сол үшін кездесіп жатырмыз. Біздің басқа ниетіміз жоқ»,

– деп атап өтті президент.

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Орталық Азия мемлекет басшыларының бүгінгі кездесуі тарихи оқиға екенін тілге тиек етті.

Атап өтерлігі, бүгін елордада Орталық Азия басшыларының алғашқы бас қосуы өтіп жатыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз