Өзбекстанмен тауар айналымы жаңаша қарқын алды

0
68

Өзбекстанмен тауар айналымына қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Бұл мүмкін емес серпіліс» деді бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен өткен екіжақты келіссөздер барысында.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының өсімін ерекше атап өтті. «Теміржол бойынша тауар айналымы 44 пайызға ұлғайды. Бұл тек бір жыл ішінде» деді Өзбекстан басшысы. Өз кезегінде мемлекет басшысы Н. Назарбаев бұл қарқынға үлкен серпіліс деп баға берді.

Пікір білдірген Өзбекстан басшысы бұл ақиқатында серпіліс екенін алға тартып, осы жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізу жоспарда барын атап өтті.

Өзбекстан басшысы сондай-ақ Н. Назарбаевтың бастамашылық қасиетін ерекше атады.

«Барлық кездесулерде сіз (президент Н. Назарбаев -ред) біз бастама көтеруге, кездесуге әрі пікір алмасуға тиісті екенімізді алға тартыңыз. Бұл қай тұрғыдан болса да, сауда-экономикалық қатынастар, гуманитарлық қатынастар. Бұл алға жылжыды, себебі бұған субъективті және нақты себептер болды»,

– дейді Ш. Мирзиёев.

Өз кезегінде президент Н. Назарбаев бүгінгі кездесу басқа кездесулердің бастамасы екенін атап өтті.

«Бұл тек бастамасы. Сіздің бастамаңызбен (президент Ш. Мирзиёев -ред) Ауғанстан бойынша кездесу күтілуде, содан кейін Түркіменстан президенті Арал мәселесі бойынша кездесу ұсынды. Сондықтан, биылғы жылы біз көп кездесеміз».

«Әрине біздің көршілес екі ірі серіктесіміз бар – Ресей мен Қытай. Біз олармен әрдайым бірге жұмыс жасаймыз, келісімдер де күшінде қалады. Кейбір елдеріміз (келісім жасасқан-ред) – Еуразиялық Экономикалық Одақта, кейбірі – Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымында, бірақ бұл маңызды емес. Біз мәселелерді үшінші тарапты қоспай өзіміз шешуіміз керек»,

– дейді Н. Назарбаев.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз