Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі

0
82
Ми-8 тікұшағы. Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысының әкімдігі Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудан Шымкентке бағыт алған тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болған майор Костыгов Роман Петровичтің отбасына көңіл айтқаны хабарланды. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

“Қайғылы оқиғада қаза тапқан Маңғыстаудағы 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарған əрбір отбасыға облыс әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын”, – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз