Токиода Денис Тенді аза тұту үшін тұрғындар кезекке тұрды

0
63
ҚР СІМ ұсынған фото

Токиода Денис Тенді аза тұту үшін тұрғындар кезекке тұруда. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Токиодағы Қазақстан елшілігінде қазақстандық аңызға айналған фигурист Денис Тенді еске алуға келіп жатқан жапондықтар қатарында шек жоқ. Өте қатты ыстық болғанына қарамастан, жаһанның әр бұрышынан келген адамдар құрмет тұтқан азаматпен соңғы рет қоштасуға ниетті.

ҚР СІМ ұсынған фото
ҚР СІМ ұсынған фото

Қазақстандағы сыртқы істер министрлігіне көңіл айтып хабарласушылар мен жеделхат жолдаушылар көп. “Келушілер көңіл айтып, 8 кітапты толтырды”, – деп хабарлайды СІМ.

Атап өтейік, бүгін Алматыда  ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Астана мен Алматы қалаларында ел сүйіктісіне айналған спортшыны соңғы сапарға шығарып салуға келгендердің қарасында шек жоқ. Бұған дейін Қазақстанның бар қаласында Тенді еске алу шаралары өткен еді.


19 шілдеде Д. Тен өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан қаза тапты. Пышақ жарақатын алған спортшыны құтқарып қалу мүмкін болмады. Қылмысқа қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз