АҚШ Түркия ұлттық банкінен 37,5 миллиард доллар талап етуі мүмкін

0
75

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркияның мемлекеттік банкі Halkbank-тің Иранға қарсы санкцияларды бұзғаны үшін жаза ретінде  37,5 млрд доллар айыппұл талап етуі мүмкін.

Ahval News сайтының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазына министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатқан түрік шенеуніктеріне айыппұл туралы алғаш талаптар келіп түскен болуы мүмкін.

Бұған дейін Түркия премьер-министрінің орынбасары Мехмет Шимшек  қаңтар айының ортасында осы тақырып төңірегінде сөйлеген сөзінде: «Егер түрік үкіметі саяси тұрғыдан нақтыланған соманы негізсіз деп табатын болса, мемлекет тарапынан ешқандай төлем жасалмайды», – деген болатын.

Түрік-Ирандық кәсіпкер Реза Заррабтың 2016 жылдың наурыз айында Майамиде тұтқынға алынуынан кейін Halkbank-тің лауазымды тұлғалары алаяқтықпен айыпталған болатын. Реза Зарраб пен банк өкілдерінің құқықбұзушылықтары екі ел арасына сызат түсірген еді. Анкара Заррабтың сот ісіне араласпақ боп, Вашингтонға бірнеше наразылық нотасын жіберген.

Нью-Йорк сотында басталған «Зарраб ісінде» басты фигурант өзгеріп, сот процесі Halkbank-тің бас директоры орынбасары Мехмет Хакан Аттилаға қарсы жалғасты. Ал ебін тапқан Реза Зарраб «Атилла ісінің» басты куәгеріне айналды. Сол екі ортада Вашингтонның Сириядағы жанжалға белсене араласып, әсіресе күрд әскерлеріне қолдау көрсетуі Анкараның наразылығын тудырды. Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымының (НАТО) белді мүшелері АҚШ пен Түркия серіктестігіне селкеу түсірді.

Зарраб қылмысының масштабын елестету үшін мына жәйтқа назар аудару жеткілікті. Ирандық кәсіпкер алқа отырысында өзі ойлап тапқан схемалары арқылы 100-150 млн доллар пайда тапқанын мәлімдеді.  Оның айтуынша, Иранның қаражатын халықаралық банк жүйесіне аударғаны үшін әр операциядан 0.4-0.5%-дық комиссия алып отырған.

Егер кәсіпкер әр операциядан 0,5% комииссия алып 100 млн доллар табыс тапқан болса, онда қаржы жүйесі арқылы өткізген жалпы сомасы шамамен 20 миллиард долларды құрайды. Ал егер де 150 млн долларды 0,4% комиссиямен  тапқан болса, АҚШ банк жүйесіне тигізген зияны 37,5 млрд. долларға жетеді. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркияның мемлекеттік банкі Halkbank-тің Иранға қарсы санкцияларды бұзғаны үшін жаза ретінде  37,5 млрд доллар айыппұл талап етуі мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз