Вирусқа байланысты Қытайда шегерілген теннис турнирі Қазақстанда өтпейді

0
41
Теннисшілер.

4-8 ақпан аралығында вирусқа байланысты Қытайда шегерілген теннис турнирі Қазақстанда өтпейтін болды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

“2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды”, – делінген хабарламада. 

26 қаңтарда The New York Times басылымы Қытайдың Дунгуань қаласында теннистен өтетін халықаралық турнирдің коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанға ауыстырылғаны, мұнда 4-8 ақпанда өтетіні туралы хабарлаған. Осыдан кейін бұл тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар мәселеге алаңдаған.

Қазақстан Қытайда тараған коронавирусқа байланысты бұған дейін осы елдің азаматтарына виза беруді шектеген.

Қытайда коронавирус жұқпалы ауруынан қаза тапқандар саны соңғы деректер бойынша 132 адамға жетіп, 5974 адамның жұқтырғаны анықталды. Әлем елдерінің біразы халқын әзірге Қытайға бармауға шақырып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз