Жаңа жылдан бастап Мәжіліс депуттары аймақтарға сапарлайды

0
41
27 желтоқсан Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин сессия басталғаннан бергі төрт ай ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, депутаттардың аймақтарға сапарларына баса назар аударды, деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Н. Нығматулин мемлекет басшысы халықпен тікелей жұмыс жасап, елді жаңғырту мақсаттарын түсіндіру туралы нақты тапсырмалар беріп келе жатқанын алға тартып, әрбір ауылға барып, барлық бастамаларды және оларды заң жағынан қолдау жұмыстарын азаматтарға жеткізу, Мәжіліс депуттарының басты міндеті екенін алға тартты. Н. Нығматулин Мәжіліс Бюросының арнайы шешімі қабылданып, депутаттардың аймақтарға сапары жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сессия жұмысында Мәжіліс Төрағасы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Салық кодексі, Кедендік реттеу, сондай-ақ, Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық және Ақпарат және коммуникация туралы заңдардың жобалары мен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы сияқты мақұлданған бірқатар маңызды құжаттарды атап өтті.
Палата Төрағасы атап өткендей Мәжіліс қызметі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы сессияның ашылуында жүктеген міндеттерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды.
Сессия басында 80 заң жобасы жұмысқа қабылданып, оның 42-сі қаралып, мақұлданған. Оның ішінде 12 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болған. Парламент қабылдаған 27 заңға бүгінде Мемлекет басшысының қол қойылып, өз күшіне енді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз