Тараз әуежайы жабық – ИДМ

0
107
дереккөзден

Қолайсыз ауа-райы жағдайына байланысты Тараз әуежайы жабық, деп хабарлайды ИДМ-нің азаматтық авиация Комитеті.

27 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00 бастап, ауа-райының қолайсыздығынан Тараз қаласының әуежайы уақытша жабылды.
Қазіргі уақытта әуежайда қатты жел соғып, оның қуаты секундына 25 метрге дейін, кей уақытта секундына 28-30 метрге дейін жетіп тұр. Сонымен қатар ұшу-қону алаңың 5 мм-ге (ілінісу коэффициенті 0,29) дейін мұз шалған.
Ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен бірнеше ішкі рейстер кешігіп, кейінге шегерілді, деп хабарлайды ведомства өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәлімделгендей, жолаушыларға өз әуе компанияларының байланыс нөміріне хабарласып, рейстердің жай-күйін алдын ала анықтау ұсынылады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз