Қазақстан мен Вьетнам визасыз режимге қол қойды

0
93
photo: aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында 12 құжатқа қол қойды, деп хабарлайды kazaknews.kz агенттігі. 

Екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды.

Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;

Екі елдің азаматтарын өзара визалық талаптардан босату туралы келісім;

Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

“QazTrade” сауда саясаты орталығы” АҚ мен VietTrade Вьетнам саудасына жәрдемдесу агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті мен Вьетнам инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

“Қазпошта” АҚ мен Viet post корпорациясы арасында электрондық коммерция мен почта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Vietjet Aviation АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

“ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

“Қазақстан Теміржолы” АҚ мен Sovico Group арасындағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Microtech DFS Vietnam Company Limited және Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

“Хабар “Агенттігі” АҚ мен Vietnam television арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз