Qatar-2022: Бірінші турдың қорытындысы белгілі болды

0
213
November 15, 2022, DOHA, QATAR: DOHA 20221116 ..A giant replica of the FIFA World Cup trophy in front of the Khalifa International Stadiume which is one of eight stadiums in Doha that will host the FIFA Socccer World Cup in Qatar, which begins on November 20...Phooto: Jonas Ekstromer / TT / kod 10030. (Credit Image: Global Look Press/Keystone Press Agency)

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңдегі алғашқы туры аяқталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қатардағы әлем чемпионаты 20 қарашада басталды. Алғаш болып Қатар мен Эквадор құрамаларының арасында өткен матч 2-0 есебімен эквадорлықтардың жеңісімен аяқталды. Осылайша күн сайын барлық құрамалар өз ойындарын өткізді.

Алғашқы турда бірнеше күтпеген жағдай болды. Оларға турнирдің фавориттері болған Аргентинаның Сауд Арабиясынан және Германияның Жапониядан 1:2 есебімен ұтылып қалуы болды. Бір қызығы екі матч кезінде Германия да және Аргентина да есепті алғашқы таймда бірінші болып пенальтиден ашты. Одан кейін екі құрама да екінші таймда екі гол жіберіп, жеңіліс тапты.

Бұдан бөлек алғашқы турда күтпеген жерден бірнеше тең ойын болды. Әсіресе ойында гол есеп ашылмаған 4 ойын болды (Мексика – Польша, Дания – Тунис, Марокко – Хорватия, Оңтүстік Корея – Уругвай). Ойында есеп ашылып, алайда тең нәтижемен аяқталған тек бір матч бар (Уэльс 1-1 АҚШ).

Турда ең көп гол соғылған матчтар қатарына Англия – Иран (6:2), Испания – Коста-Рика (7:0) және Португалия – Гана (3:2) кірді.

1-турдан кейінгі ұлттық құрамалардың топтағы жағдайы төмендегідей:

A тобы.

  1. Нидерланд – 3 ұпай – 2:0
  2. Эквадор – 3 ұпай – 2:0
  3. Сенегал – 0 ұпай – 0:2
  4. Қатар – 0 ұпай – 0:2

В тобы.

  1. Англия – 3 ұпай – 6:2
  2. Уэльс – 1 ұпай – 1:1
  3. АҚШ – 1 ұпай – 1:1
  4. Иран – 0 ұпай – 2:6

C тобы.

  1. Сауд Аравиясы – 3 ұпай – 2:1
  2. Польша – 1 ұпай – 0:0
  3. Мексика – 1 ұпай – 0:0
  4. Аргентина – 0 ұпай – 1:2

D тобы.

  1. Франция – 3 ұпай – 4:1
  2. Тунис – 1 ұпай – 0:0
  3. Дания – 1 ұпай – 0:0
  4. Австралия – 0 ұпай – 1:4

E тобы.

  1. Испания – 3 ұпай – 7:0
  2. Жапония – 3 ұпай – 2:1
  3. Германия – 0 ұпай – 1:2
  4. Коста-Рика – 0 ұпай – 0:7

F тобы.

  1. Бельгия – 3 ұпай – 1:0
  2. Хорватия – 1 ұпай – 0:0
  3. Марокко – 1 ұпай – 0:0
  4. Канада – 0 ұпай – 0:1

G тобы.

  1. Бразилия – 3 ұпай – 2:0
  2. Швейцария – 3 ұпай – 1:0
  3. Камерун – 0 ұпай – 0:1
  4. Сербия – 0 ұпай – 0:2

H тобы.

  1. Португалия – 3 ұпай – 3:2
  2. Уругвай – 1 ұпай – 0:0
  3. Оңтүстік Корея – 1 ұпай – 0:0
  4. Гана – 0 ұпай – 2:3

25 қарашада әлем чемпионатында кезекті төрт ойын өтеді. Бүгін қазақстандықтар тікелей эфирде келесі матчтартды тамашалай алады:

  • Уэльс – Иран В тобы (16:00, Qazsport телеарнасы)
  • Қатар – Сенегал А тобы (19:00, Qazsport телеарнасы)
  • Нидерланд – Эквадор А тобы (22:00, Qazsport телеарнасы)
  • Англия – АҚШ В тобы (01:00, 26.11.2022 Qazsport телеарнасы)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз