Алматының әкімі қала тұрғындарына видеоүндеу жасады

0
257
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

1 шілде күні Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына видеоүндеу жасады. Видеоүндеу қала басшысының Instagram парақшасында жарияланды. 

Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне кірісе отырып, қала түрғындары алдындағы зор жауапкершілігін сезінетінін айтты. Қала халқымен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелгендігін де атап өтті.

Еске салайық, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз