Пентагон: «Қажет болған жағдайда АҚШ әскері қарсылық береді»

0
101
дереккөзден

Сирияда түрік әскерлері Африн қаласын жан-жақтан қыспаққа алып жатқан сәтте Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұл даулы операцияларға қатысты жаңа мәлімдемелері келе бастады.

Дональд Трамп пен Режеп Тайып Ердоғанның телефонмен тілдесуінен кейін Африн операцияларына қатысты Пентагонның «ресми көзқарасы» жарияланды.

Мәлімдемеде «Түркияның Сириядағы операциялары пайдалы емес, (операцияларды) ықшамдау үшін түріктермен кездесудеміз» деген қорытынды жасалды. 

Түріктің Ahval (Ахуал) газетінің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі жариялаған мәлімдемеде Африн операциялары «пайдасыз» деп танылды. Пентагон Түркияның «Зәйтүн сабағы» атты операцияларына деген АҚШ-тың позициясын түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген генерал-лейтенант Кеннет МакКензи (Kenneth McKenzie): «Түркиямен деэскалция аймақтарын құру мүмкіндігін талқылауды жалғастырамыз», – деді.

МакКензи Сириядағы американ әскерилерінің позициясына қатысты Вашингтон мен Анкараның үйлесімділік сақтап отырғандығына тоқталды. Оның айтуынша, қажет болған жағдайда АҚШ әскері қарсылық беріп, өздерін қорғайтын болады.


24 қаңтар күні түрік президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкараны Африн аумағындағы әскери операцияларды тыюға шақырған болатын.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз