АҚШ-та өртеніп, күлі қалған үйдің иті иесін 1 ай күткен

0
175
Сурет: kazakistan.kz

Оқи отырыңыз: Калифорнияда тілсіз жау ауыздықталды

АҚШ-тың Калифорния штатында орманда өртеніп, күлі ғана қалған үйдің иті иелерінің оралуын 1 ай күткен. 

FOX8 каналына жергілікті жануарларды қорғау ұйымының қызметшілері Мэдисон атты иттің “ескі үйді күзеткендей” иелерін күткендігін айтқан. Мэдисонға 1 ай ішінде жануарларды қорғау ұйымы қамқор болыпты. Орман өртіне байланысты эвакуацияланған үй иелері бір айдан кейін мекендеріне қайта оралды.

8 қарашада Калифорнияның солтүстігінде басталған өрт көлемі бойынша АҚШ тарихында қалды. Соңғы деректерге сүйенсек 2 жарым апта тоқтаусыз жанған өрттен 85 адам қаза тапты. Шамамен 15 мың үй, 528 ғимарат, 4 мыңнан аса нысан қирады.

Сурет: Kazakistan.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз