АҚШ-тың 16 штаты Трампқа қарсы шықты

0
188
Дүйсенбі күні Ақ үй маңына демонстранттар жиналды. Сурет: New York Times

АҚШ-тың 16 штаты президент Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы шағымданды. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Жергілікті билік, Калифорния мен Нью-Йорк штаттарының басшыларын қоса алғанда елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты президентке қарсы шықты. Қарсылықтың себебі Трамптың Мексикамен шекараға қамал тұрғызуға конгрестен миллиардтаған доллар қаржы сұрауы.

Мексиканың Тихуана шекаралық қабырғасы. Сурет: Associated Press

Штат өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысы бюджет қаржысын парламентті “айналып өтіп” жұмсауға уәкілеттігі жоқ.

Олар Сан-Францисконың аумақтық сотына шағымданды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз